Алматыда тікелей эфир кезінде бейәдеп сөз айтқан ер адам қамауға алынатын болды

19:41, 29 қараша 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында телебағдарламаның тікелей эфирі кезінде бейәдеп сөз айтқан ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2024 жылдың қазан айында Ш-ның телеарна ғимаратында тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып әдепсіз сөздер айтқаны анықталды.

Сотта Ш. өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, арандатушылыққа ұшырап, эмоцияға беріліп кеткенін мәлімдеді.

Сот қаулысымен Ш. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке қамауға алу түріндегі (немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл) әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!