Алматыда телемедицина орталығы КВИ науқастарға тәулік бойы қызмет көрсетеді

11:33, 22 қаңтар 2021
299

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында құрылған бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Instagram-дағы аккаунтында мегаполис әкімі Телемедицина орталығына, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға және МЖӘ аясында ашылған оңалту орталығына барғанын жазды.

"КВИ-ге қарсы іс-қимылдағы маңызды жұмыстың бірі — телемедицина орталығын құру болды. Жаңадан құрылған бірегей орталықта болдым. Бұл жер пандемия кезінде қауіпті індетке шалдыққан науқастарға қашықтан көмек көрсетеді", деп жазды Сағынтаев.

Арнайы дайындықтан өткен 52 дәрігер тәулік бойы аудио немесе бейне байланыс арқылы амбулаториялық емде жатқан науқастың жағдайын бақылап, оларға кеңес береді. Бүгінде 816 адам үйде емделуде. Өткен жылдың 1 қарашасынан бастап үй карантиніндегі 3,7 мың қала тұрғынына қашықтан мониторинг жүргізілді.

Жақын маңда емханасы жоқ ықшамаудан тұрғындары үшін отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар ашу арқылы МСАК-ты қадамдық қолжетімділікте көрсету үшін жағдай жасауды жалғастырамыз.

Түрксіб ауданында заманауи құрылғылармен жабдықталған "Алтай" ОДА-да 11 мың адамға қызмет көрсетеді. Соңғы екі жылда мұндай 16 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Биыл тағы төртеуін ашу жоспарда бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!