Алматыда тауда адасып кеткен жігіт көз жұмды

15:01, 21 ақпан 2018
508

Алматы тауларында жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 жастағы Нұрсұлтанның өлімі жайлы ақпаратты оның достары мен таныстары әлеуметтік желілерге салған.

18 ақпан күні Нұрсұлтан тауда екі досымен бірге адасып кетіп, су толған шұңқырға түсіп кеткен деп болжанады. Нұрсұлтан қайтыс болды, тағы бір жігіт аяғын үсік шалып, ауруханаға жатқызылды. Үшінші жігіттің тағдыры белгісіз.

Жас болғанына қарамастан, қаза тапқан Нұрсұлтан көп нәрсеге қол жеткізген және өте белсенді өмір салтын ұстанған - қалай өмір сүргені ол туралы естеліктерден анық көрінеді. Жігіт экстремалды спортты, тауды жақсы көрген, көп саяхат жасаған. Жарысқа қатысып Прагада көздің көруін түзету үшін тегін операцияны жеңіп алған. Марқұмның таныстары жазғандай, оның болашаққа деген көптеген мықты жоспары болған.




Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!