Алматыда суға шомылу маусымы қашан басталады - ресми өкіл жауабы

13:44, 22 мамыр 2020
696

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы № 36 бұйрығына сәйкес, төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, Қазақстанда карантин жалғасуда. Осыған байланысты Алматы су қоймаларында шомылу мүмкін бе деген сауалға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері онлайн-брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда 28 өзен мен 26 су қоймасы бар. Алайда оның ішінде тек 4 орынға жүзуге рұқсат етілді. Ауа-райының ысуына байланысты алматылықтардың суға түскісі келетіні анық. Бірақ, белгілі болғандай, мұны уақытша қоя тұруға тура келеді.

Аурудың ықтимал көздерімен байланысу қаупі жоғары болғандықтан, суға шомылу үшін қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады. Яғни, карантиндік режим аяқталғанға дейін су жағасына, жалпы кез-келген жаппай демалу орындарына баруға рұқсат етілмейді, - деді Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Тұрысбек Сартаев.

Алматы қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі қаулысы бойынша, Алматыда рұқсат етілген 4 шомылу орны анықталды:

1. Сайран көлінің батыс бөлігі, Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай 300 метр.

2. Сайран көлінің шығыс бөлігі, Төле би көшесінен оңтүстікке қарай 200 метр.

3. Д.Қонаев атындағы БАК маңындағы "Гүлдер" демалыс аймағы.

4. Д.Қонаев атындағы БАК маңындағы "Баум" тоғайының жағажай алаңы.

Карантиннен кейін (шомылу маусымы басталғанда) қауіпсіз демалысты ұйымдастыру үшін құтқарушылар кезекшілікке шығады, - деді Сартаев.

Басқа су нысандарында, соның ішінде Алматы арқылы ағатын өзендерде (мысалы, Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) суға шомылуға тыйым салынады, өйткені олар қауіпті деп саналады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!