Алматыда соңғы анықталған коронавирус науқастардың бірі - стюардесса

14:56, 20 наурыз 2020

Алматыда соңғы анықталған коронавирус жұқтырғандар ішінде стюардесса да бар. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирус инфекциясы расталғандардың бірі - Берлин-Алматы чартерлік рейсінің стюардессасы, ол 12 наурызда келген бетте жұқпалы аурулар ауруханасына карантинге жатқызылған, - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, екіншісі - шетелден келген адаммен байланыста болған қала тұрғыны. Үшіншісі 19 наурызда түнде Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келіп, уақытша ауруханаға орналастырылған.

Алматыда коронавирус анықталған 20 науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық деңгейде, екеуінің жағдайы – орташа ауыр. 696 адам коронавирус күдігімен уақытша ауруханаға жатқызылған, 1 108 адам үй карантинінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!