Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана табылды

10:05, 24 қыркүйек 2020
226

Арнайы іс-шара кезінде полицейлер есірткі зертханасын жойды, онда, рұқсат етілген тінту кезінде, 5 жабдық жиынтығы және синтетикалық есірткі өндірісі үшін компоненттері бар 4 бөшке (80 литрден астам), сондай-ақ 100 гр. "Мефедрон» тәркіленді. Оны 1976 жылы туылған К.есімді азаматтың тобы жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осылайша, біз қолданыстағы есірткі зертханасын және қойма базасын жойып қана қоймай, сонымен қатар, заңсыз айналымнан жабдықтар мен осыған ұқсас 5 жаңа зертханаларды құруға арналған материалдарды тәркіледік. Жоғарыда аталған үйдің аумағында тінту жүргізгенде, ішінде қою түсті, белгілі бір иісі бар 20 литрлік төрт темір канистр табылды және тәркіленді. Үйдің екінші қабатын тінту кезінде жатын бөлмесінде ерекше иісі бар полиэтилен пакетінде тұрған екі ұнтақты зат, магниттік араластырғыш (зертханалық, электрлік) тәркіленді. Сондай-ақ, бөлмеде жаңа 5 магниттік араластырғыш, 5 электронды таразы, 5 электронды сорғы, түрлі зертханалық колбалар және көптеген басқа да зертханалық қондырғылар болды. Екінші қабаттың қылтимасын тінту кезінде 1 пакет "100 гр" деген жазуы бар ақ түсті, иісі бар, ұнтақ зат тәркіленді", - деді, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подолковнигі Ерлан Әлмағамбетов.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған ақ затта және заттың пластик карточкада қабатталуында мефедрон - Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының тізіміне енгізілген меткатинон психотроптық затының аналогы бар.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 297 бабы 1 бөлімі бойынша тіркелді. К.азамат қамауға алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!