Алматыда симптомы білінбейтін науқастар да ауруханаға жатқызылады - түсініктеме

12:47, 28 қаңтар 2021

Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Садуақас Байғабылов коронавирус инфекциясының барлық түріне шалдыққандар міндетті түрде ауруханаға жатқызу туралы жаңа қаулыдағы талапты түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жандарбек Бекшиннің жаңа қарары бүгін, 28 қаңтарда жарияланды. Ол 1 ақпаннан бастап өз күшіне енеді. Нысандардың жаңа жұмыс режиміне қатысты мәліметті мына жерден таба аласыздар.

Оның айтуынша, COVID-19 жұқтырғандардың барлығы: симптомы барлар мен симптомы білінбейтін науқастар да ауруханаға жатқызылады.

Күнделікті өмірдегі тәжірибе көрсеткендей, кейбір симптомы жоқтар сауда орталықтарына, түрлі мекемелерге, тамақтандыру орындарына бара береді. Тергеу барысында симптомы білінбейтін науқастардың барлығы бірдей үй карантинін сақтамайтындығы белгілі болды. Айтқандай, бүгінгі күні үй карантинін сақтамаған Алматы қаласының екі тұрғыны үшін материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа тапсырдық, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Байғабылов Алматыдағы медициналық мекемелердегі төсек саны туралы сұраққа жауап берді.

Орын жеткілікті. ПТР-сараптама нәтижесі диагнозды растаса, онда ол адам ауруханаға жатқызылады. Егер симптомы білінбейтін болса да, өйткені ол ауруды басқа адамдарға жұқтыра алады, - деп жауап берді ол.

Бас дәрігердің жаңа қаулысында кинотеатрлардың жабылуы, сауда орталықтарының, сауда үйлерінің жұмыс күндері мен демалыс күндеріндегі жұмыс уақытының шектелуі және тағы басқалары туралы айтылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!