Алматыда «Шертпе күй» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
© Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Шертпе күй" республикалық дәстүрлі музыка байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы талантты домбырашылар қатысты. Бас жүлде үшін 45 күйші бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірнеше күнге жалғасқан фестиваль жеңімпаздарын Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтап, шығармашылық табыстар пен жарқын жетістіктер тіледі.
"Қазақтың шертпе күйі – ұлттық музыкамыздың ең құнарлы қазынасы. Оның тарихы, дәстүрі сонау көне замандардан бастау алады. Жалпы қазір дәстүрлі күй мен домбыраның насихаты, оған деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Мысалы, бүгінгі таңда тек "Artsport" бағдарламасы шеңберінде 643 домбыра үйірмесі жұмыс істейді, оған 26 мыңнан астам бала қатысып жатыр. Бұл – күй өнеріне деген ерекше ықыласты көрсетсе керек. Сол сияқты арнайы музыкалық мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында домбыра үйренушілер жылдан-жылға көбейіп келеді. Біз әрі қарай да қазақтың ұлттық дәстүрлі музыка өнерін дамытуға бағытталған игі іс-шараларды жалғастыра береміз". ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев
Сонымен, байқау нәтижесі бойынша Мадияр Сүлейменов бас жүлде иегері атанып, 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.
Ал фестивальдің бірінші орын иегерлері – Нұрғали Төлеби мен Құдайбергенов Дарын 750 мың теңгеден иеленсе, екінші орынға Сырым Шонбаев пен Ардақ Елеусіз жайғасты, оларға 500 мың теңге бұйырды.
Үшінші орынды Тұрсынбек Ілияс, Бекет Бексұлтан, Жарқыннұр Ержанат иеленіп, әрқайсысы 300 мың теңгеден алды.
Ал Мәуетбек Лунара мен Нұржан Ілиясов "Үміт" арнайы дипломымен марапатталды. Жанту Дадабаев, Саматова Айымгүл, Тілеубек Інжу, Тоқтаров Дастан, Талапхан Ерболат фестивальдің дипломанттары атанып, арнайы ақшалай сыйақы иеленді.
Жарыстың басты мақсаты – дарынды жас домбырашыларды анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамыту.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:00, 24 сәуір 2024
Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды
-
16:49, 24 сәуір 2024
Теміржолшылар қазақстандықтарға үндеу жолдады
-
16:31, 24 сәуір 2024
Су тасқынына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы онлайн-форматта өтеді
-
16:31, 24 сәуір 2024
Тоқаев су жаңа ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
16:02, 24 сәуір 2024
24 сәуірдегі түскі саудада доллар аздап арзандады