Алматыда сауда орталығының автотұрағынан көлік ұрланды

14:50, 31 қаңтар 2023
198

© Сурет: polisia.kz

Алматыда сауда орталықтарының біріндегі автотұрақтан көлік ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық жол полициясының мәліметінше, сауда үйлерінің бірінің тұрағынан «ВАЗ-2114» көлігі ұрланған.

Қылмысты жасады деген күдікпен ер адам қамауға алынды.

"Айғақты зат ретінде көлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз ісін толық мойындады. Қазір оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз". Жәнібек Шынасылов, Жетісу облысы ІІД бастығы

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

28 қаңтарда Алматыда ұрланған Hyundai көлігі Шымкентте табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!