Алматыда салық төлемеген 100 көлік айып тұрағына қойылды

10:06, 26 сәуір 2018
635

Алматыда көп жылдан бері салық төлемеген 100-ден аса жол талғамайтын көлік айып тұрағына қойылды, деп жазады Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Мәселен, тек Медеу ауданында 16 мың тұрғын машинаның салығын төлемеген. Жалпы сомасы 881 млн. теңге болыпты. Оның ішінде 123 жол талғамайтын көлік иелері, яғни, әрқайсысы мемлекетке 1 млн. теңгеден астам берешек. Қарыздың көлемі 238 млн. теңгеден асады.

Мамандардың айтуынша, уақытында салық төлемеген жеке тұлғаларға арнайы хабарлама жіберілген. Алайда, одан ешқандай нәтиже жоқ. Сондықтан, салық қызметкерлері сөзге келместен, олардың көліктерін айып тұраққа қойып жатыр.

Бұдан бөлек, алматылықтар 6,5 млрд. теңге қарыз екен. «Егер олар қарызын уақытылы төлемесе, шекара асып, шетелге шыға алмайды», - дейді салық басқармасындағылар.

Алмас Жандарбеков, Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: - Бұл енді бір жылдық емес, бірнеше жылдан бері келе жатқан салық. Кейбіреуінікі 4 жылдан, 3 жылдан. Сонымен, қазір енді машиналарды алып айып тұрағына қоятын жұмыстар жасалып жатыр.

Нұрлан Асқарұлы


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!