Алматыда салонында от жағатын пеші бар көлік тоқтатылып, айыппұл тұрағына қойылды

20:56, 30 қаңтар 2023

© Сурет: polisia.kz

Қауіпті құрылғымен жабдықталған көлік тізгінінде 1955 жылғы азамат болған. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полициясы көлігінде "от жаққан" жүргізушіні ұстады. Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.

"ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Мұндай көлікті басқару – ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні ескертіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!