Алматыда Райымбек даңғылы бойына арнайы жасақтар қойылды

12:16, 19 қыркүйек 2019

Лаңкестікке қарсы жаттығу Райымбек даңғылы бойында орналасқан 259, 261 және 263 үйдің ғимараттарында және ауласында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz Терроризммен күрес жөніндегі қалалық шұғыл штабқа сілтеме жасап.

Жаттығудың мақсаты - халық көп жиналатын жерде болуы ықтимал лаңкестік әрекетке қарсы іс-қимылды ұштау.

Жаттығу кезінде бірқатар шектеу шаралары қолданылуы мүмкін. Штабтағылар Алматы тұрғындары мен қонақтарын жаттығуға тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талабын орындап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!