Алматыда полиция 7 мыңнан астам қару иесін тексерді
© Фото: unsplash
Алматы қаласында криминогендік ахуалды тұрақтандыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тіркелген азаматтық қару иелерін тексеріп, қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауда.
Бүгінгі күнге дейін полицейлер 7300-ден астам қару иесіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде қаруды сақтау талаптарын бұзғаны үшін 220 азамат жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып сақталған 258 бірлік тіркелген азаматтық қару заңсыз айналымнан алынды. Полиция қаруды сақтау қағидаларын бұзбау – қылмыстар мен жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі екенін еске салады.
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтық қару иелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Тексеру барысында қаруды сақтау жағдайына ерекше назар аударылады. Біздің басты мақсатымыз – тек заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар ықтимал құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, – деді Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Кулбаев
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:24, 12 наурыз 2026
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Астанада өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
-
18:08, 12 наурыз 2026
Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан күдікті қамауға алынды
-
18:02, 12 наурыз 2026
Қазақстанда 13 наурызда ауа райы бұзылады
-
17:45, 12 наурыз 2026
Қазақстандықтар тегі өзгерген жағдайда дипломды қалай қалпына келтіре алады
-
17:39, 12 наурыз 2026
Қазақстандық конькимен жүгіруші Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті





