Алматыда пластикалық төлем карталарын қолдан жасаған алаяқ ұсталды

11:44, 13 қыркүйек 2018
440

Алматыда пластикалық төлем карталарын қолдан жасаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл жөнінде Медеу аудандық ІІБ басшысы мәлімдеді.

Күдікті арам ойын іске асыру үшін Қытайдан техникалық құрылғы сатып алған. Соның көмегімен пластикалық карталарды жасаған. Алаяқ ақпарат көздері арқылы азаматтардың аты-жөні мен қаржылық қоры туралы ақпарат алған. Сөйтіп олардың пластикалық картасында сақталатын есепшотынан қаржы жымқырып отырған.

Тергеу барысында күдіктіден жасанды 114 карта тәркіленді. Осы іске қатысты ҚР ҚК 118-бабы бойынша қылмыстық іс басталды. Ал 35 жастағы күдікті уақытша оқшаулау орталығына қамауға алынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!