Алматыда өз пәтерінен екі баласымен қоса әйел өлі табылды

12:56, 7 тамыз 2022

© Сурет: Zakon.kz

Іссапардан үйіне оралған ер адам өлі күйіндегі жас келіншегі мен екі баласының үстінен түсті. Cот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы "Мамыр" ықшам ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйелдің және жеті мен екі жастағы екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамызда жедел басқару орталығына бірден үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Материалдар жинау және адамдардың өлімі жағдайын анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды. Оқиға орнына келген қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров тергеу барысын жеке бақылауына алатынын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!