Алматыда оқушы қызды мектеп жанында көлік қағып кетті

08:28, 15 қараша 2019
359

Алматыда 7 жастағы оқушы қызды мектептің қасында көлік қағып кетті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға №68 мектептің қасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Қызды жедел жәрдем қызметкерлері Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына әкелді. Баланың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр

"7 жастағы қыз бала түсті. Басы ауырып тұрғанына шағымданды. Баланы мультидисциплинарлы бригада тексерді. Сүйектеріне зақым келмеген, алайда оның жабық ми жарақатын алғаны анықталды. Сондай-ақ, миы шайқалған. Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Полицияның мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында таңғы 07:35-те болған. "Тойота" көлігі 7 жастағы қыз баланы қағып кеткен.

"Қазір жол апаты дерегін Бостандық ауданы полиция басқармасы анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция басқармасы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!