Алматыда Nexia көлігі жол апатын ұйымдастырып, оқиға орнынан кетіп қалған

14:42, 25 мамыр 2018

Алматы қаласында Момышұлы көшесінде Nissan Murano мен Toyota Camry көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Райымбек даңғылындағы көпірде болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Көпірдің оң жақ бұрылысынан Daewoo Nexia көлігі шығып, Toyota-ның алдын кесіп, бірден ортаңғы қатарға өтпек болған. Toyota көлігінің жүргізушісі бірден тежегішті басып, нәтижесінде көлік қарсы тарапқа шығып кеткен. Қарсы тарапта келе жатқан Nissan көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алғандар жоқ.

Daewoo Nexia көлігі тоқтамастан кетіп қалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!