Алматыда 1 маусымнан бастап 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

14:58, 19 мамыр 2020
128

1 маусымнан бастап Алматыда 1-сыныпқа оқушыларды тіркеу үшін құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлайды zakon.kz.

15 мамырдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиялар мен лицейлерге қабылдау басталады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың білім басқармасына аттестат тапсыру, ҰБТ өткізу және мамандандырылған мектептерге қабылдау кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша бақылау тобын құруды тапсырды.

Сеніп тапсырылған учаскелердің барлық бағыттары бойынша балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Бұған мекеме басшылары тікелей жауапты болады, - деді Е.Бабақұмаров.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір