Алматыда мас күйдегі оқушы қыз метрода құлады

15:05, 16 тамыз 2019

Желіде метро ішінен бір адамды көтеріп алып шығып, жедел жәрдем көлігі алып кеткен сәттің видеосы пайда болды. Не болғанын Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға "Жібек жолы" бекетінде 15 тамыз күні орын алған.

14 жастағы қыз бала қатты мас күйде, не істеп, не қойғанын білмейтіндей күйде болған. Метро қызметкерлері оны полицияның қолына тапсырды. Оқиға орнына қыздың анасы шақырылып, олар жедел жәрдеммен бірге токсикология бөліміне кетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!