Алматыда марқұм науқаспен байланыста болған алты адам табылды

12:36, 27 наурыз 2020
330

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Тілеухан Әбілдаев арнайы брифингте коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Байланыстағы адамдарға келсек. Бізге өңірдегі әріптестерімізден ақпарат келіп түсті. Бүгінгі таңда марқұммен жақын қарым-қатынаста болған 6 адам табылды. Олардың барлығы қаланың уақытша ауруханасына оқшауланды, - деді ол.

Қайтыс болған әйел Шу мен Алматыда қонақта болған. Алматы облысында оның екі жақыны табылды. Олармен де байланыста болған бес адам оқшауланды.

27 наурызда сағат 07: 50 уақыты бойынша Алматыда коронавирус инфекциясының тағы жеті жағдайы тіркелді. Сағат 10:20-да тағы бір жағдай анықталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!