Алматыда қызметтік иттің арқасында есірткі табылды

12:58, 11 желтоқсан 2024

© Сурет: ҚР ІІМ

Алматыда полиция қызметкерлері арнайы іс-шараның нәтижесінде есірткі сатып жүрген Алмалы ауданының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның үйін тінту кезінде Альфа атты іздеуші ит ашық-қоңыр және қою жасыл түсті заттар салынған полиэтилен байламдарын тапты.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар – героин және гашиш есірткілері болып шықты.

Есірткі сақтау дерегі тіркелді. Әйел қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері күдіктінің шынайы ниетін және қаламызға шөпті жеткізген арнаны анықтауда. Жедел іс-шаралар жалғасуда", – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!