Алматыда КВИ жұқтырудың күндік өсімі 1,1% – Б.Сағынтаев

15:48, 6 шілде 2020

Мемлекеттік коммисияның шешіміне байланысты біраз кәсіпорындар өз жұмыстарын тоқтатты. Оның ішінде көбісі шағын және орта бизнеске байланысты 680 мыңға дейін жұмыс орны тоқтатылды, деді бүгін брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, деп хабарлайды zakon.kz.

Сағынтаев эпидемиологиялық жағдай бақылауда, бірақ күрделі екенін айтты.

Бүгінгі таңда КВИ жұқтырған 6202 адам тіркелген. Жалпы күндік өсім- 1,1%-ды құрап отыр. Оның 82%-ы - тұрғындардың жұмысқа қабілетті бөлігі. Бүгінгі күні 1772 адам инфекциялық, 1215 адам провизорлық стационарға жатқызылған. Ауырлық дәрежесі бойынша, 24 науқастың жағдайы - өте ауыр, 349 науқастың жағдайы - ауыр, 1264 - орта ауыр, 135 науқастың жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде, - деп қосты ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!