Алматыда «Көшпенділер әуені» байқауы өтіп жатыр

13:17, 21 қазан 2017

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты домбыра мен қобыз тартатын жас орындаушылардың І Республикалық байқауы өтіп жатыр.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Чайковский атындағы музыкалық колледждің ұйымдастыруымен басталған шараға еліміздегі музыкалық оқу орындарының ең үздік студенттері қатысып жатыр. «Байқау ұлттық музыканың дамуына серпін беріп, сазгерлердің шабытына шабыт қосады», – дейді ұйымдастырушылар. Байқауға  Елмұрат Үсенов, Раушан Мұсақожаева, Шолпан Заданқызы сынды өнер қайраткерлері төрелік етіп, жастардың өнерін бағалайды. Байқау қазанның 22-сіне дейін жалғасады. 

Лаула Шынемісова, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы: 

– Конкурстың басты мақсаты – жас орындаушыларды сахнаға шығару, мүмкіндік беру және ұлттық аспаптарды насихаттау, дамыту, қазақтың музыкасын, халықтың күйлерін естірту.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!