Алматыда коронавирустың тағы бір дерегі тіркелді

20:23, 22 наурыз 2020
480

Алматыда коронавирустың тағы бір жағдайы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол - 1992 жылғы қыз. Бойжеткен 15 наурыз күні Ыстамбұл-Алматы рейсімен келген жолаушымен тығыз байланыста болған, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Қазір қыз ауруханада карантинге орналастырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Бұған дейін 22 наурыз күні таңертең Нұр-Сұлтанда екі жаңа коронавирус дерегі тіркелген болатын.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясының 57 жағдайы расталды. Оның ішінде 31-і - Нұр-Сұлтанда, 23-і - Алматыда, екеуі – Қарағандыда, біреуі - Алматы облысында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!