Алматыда коронавирус жұқтырудың 67-ші жағдайы тіркелді

22:44, 29 наурыз 2020
383

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 67 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның бесеуі сауығып, 14 күндік үй карантинінен шықты. Олар үш ер адам, 1 әйел және 12 жасар бала.

Бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар стационарларында барлығы 62 науқас коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр.

Жаңадан анықталған тоғыз науқастың алтауы инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар. Бір әйел адам 19 наурызда Минск – Алматы рейсімен, бір пациент Дублин – Стамбул – Алматы бағытымен және бір адам Стамбул – Алматы рейсімен ұшып келген.

56 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 1 ересек науқастың жағдайы ауыр, 4-еуінің жағдайы орташа және 1 баланың жағдайы жақсарып келеді.

Жалпы алғанда бүгінгі күні провизорлық орталықтарда 1032 адам бар. Оның 122-сі – бала, 159 адам карантиндік оқшаулауда, 1514 адам үй карантинінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!