Алматыда коронавирус ошағы тіркелген аудандардың тізімі аталды

17:48, 20 наурыз 2020
884

Алматы әкімдігі қаладағы инфекция ошақтары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық Бас штабы COVID-2019 індеті тарай бастаған аймақтарға іштей карантин енгізді.

Алматыда 19 наурыздағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға арналған қалалық штаб отырысында COVID-2019 індет ошақтары тіркелген аймақтарға іштей карантин енгізу туралы шешім қабылданды, делінген хабарламада.

20 наурыздағы дерек бойынша, Алматыда коронавирустық инфекцияның 22 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Алматыдағы эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша, COVID-2019-ның 10 ошағы анықталды:

- Алмалы ауданы - 3;

- Медеу - 3;

- Түрксіб - 2;

- Жетісу - 1;

- Алатау - 1.

Бұл жерлерде коронавирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралары күшейтілді. Медицина қызметкерлері көрсетілген аймақтағы барлық адамдардың жағдайын қатаң бақылауға алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!