Алматыда коронавирус марқұмдарға арналған зиратта 32 адам жерленген. Неге?

11:16, 26 мамыр 2020
1206

Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылы маңында орналасқан коронавирус ауруынан қайтыс болғандарға арналған зиратта 32 адам жерленген болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ал ресми статистикада бүкіл Қазақстан бойынша коронавирустан 35 адам қайтыс болды делінеді. Сонда бұл қалай болғаны? Бұған қала әкімдігіндегілер бүгін жауап берді.

Ол арада жерленген 10 науқас ғана коронавирустан көз жұмған, ал қалған 22 адамда КВИ-дан бөлек қосымша басқа да диагноздары болған.

Өткен аптада Алматы маңындағы коронавирустан қайтыс болған адамдар зиратында ресми статистикаға қарағанда үш есе көп қабір бары белгілі болды. Әкімдік түсіндіріп өткендей, КВИ өлімінің 10 оқиғасынан басқа ол жерде коронавирус жұқтырған, бірақ өліміне басқа ауруы себеп адамдар да жерленген екен.

 

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!