Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзартылды
Қалалық автобус маршруттары 21 мамырдан бастап сағ. 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабар таратты.
Бұл ретте жолаушылар бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады. Сондай-ақ, автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс. Қала автопарктерінің бірінде атап өткендей, егер барлық орындар бос емес болса, келесі автобусты күту керек. Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90% -ы жолға шығарылды.
Сондай-ақ, жолаушылар ағынының ұлғаюы байқалған танымал бағыттарда жылжымалы бірліктер саны артты.
Сонымен қатар, санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты екенін атап өткен жөн. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастыратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:31, 19 сәуір 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 19 сәуірдегі валюта бағамы
-
12:01, 19 сәуір 2024
Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
-
11:59, 19 сәуір 2024
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшері аталды
-
11:28, 19 сәуір 2024
Жайық өзеніндегі су деңгейі үздіксіз көтерілуде
-
11:11, 19 сәуір 2024
Алдағы күндері қай өңірдегі өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде