Алматыда кейбір көшелерде автотұрақ уақытша тегін болады

12:53, 24 маусым 2020
451

Алматы қаласының орталық көшелерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатуына байланысты кейбір аудандарда ақылы әкімшілік автотұрақ қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

A-Parking мәліметінше, бұл мынандай көшелерде мүмкін:

- Бөгенбай батыр көшесі мен Наурызбай батыр және Қалдаяқова көшелерінің арасындағы (11 паркомат жөнделуде).

- Жамбыл көшесінің бойымен Желтоқсан даңғылы және Байсейітова даңғылының арасындағы, сондай-ақ Назарбаев даңғылынан батысқа қарай орналасқан шағын алаңда (2 паркомат жөнделуде).

Бұл көшелердегі ақылы автотұрақ қызметінің қайта іске қосылатын нақты күні алдын-ала жарияланатын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!