Алматыда 11 қазан күні Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салады

11:30, 10 қазан 2018

Шерхан Мұртазаны 11 қазанда ақтық сапарға шығарып салады, деп жазды Қазақпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шерхан Мұртазаның жаназасы өтетін орынды хабарлады.

«Шерхан Мұратазаны 11 қазан күні сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады. Жазушы Кеңсай зиратына жерленеді. Қоштасу рәсімін өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері, Жазушылар одағы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірге ұйымдастырады», - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі кеше шамамен 18:30-да Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан қайтыс болды. Жазушы қыркүйек айында 86 жасқа толған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!