Алматыда қатты желден мешіттің күмбезі бүлінді

15:29, 23 мамыр 2018

Қатты дауыл Алматыға да келіп жетті. Оның келтірген алғашқы шығыны да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакцияға Розыбакиев пен Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан «Байкен» мешіті түсірілген видео келіп түсті. Видеода мешіт күмбезінің плиткалары ұшып кеткені көрінеді.

"Бүгін сағат 14:40-та қатты желдің салдарынан "Байкен" мешіті күмбезінің плиткалары ұшып кеткен. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!