Алматыда қараусыз ғимараттың бірінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

10:14, 9 желтоқсан 2019

Алматыдағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінің аумағынан шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында алматылық Андрей Андреев жазды.

- Сәби ол арада үш күн жатып қалған дейді, тіпті егеуқұйрықтар ауыз салып үлгеріпті оған. Жыртқыш аң да өз баласы үшін өлімге бас тігіп жатады, ал адамдар, керісінше "өле берсін" деп тастай салады, - деп жазды ол.

Қараусыз ғимарат Мате Залка мен Нұрғиса Тілендиев көшелерінің арасында, Сайран көлінің жоғарғы жағында орналасқан.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Алмалы ауданындағы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-тергеу тобы құрылды, олар марқұм шақалақтың анасын іздеп, баланың қандай жағдайда көз жұмғанын анықтайтын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!