Алматыда Hyunday автокөлігі адам қағып өлтірді

Алматыдағы Сейфуллин даңғылында, Ақан Сері көшесімен қиылыс тұсында жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Hyunday Elantra көлігінің жүргізушісі 1987 жылы туған жігітті қақты. Қатты соққыдан ер адам 50 метрден астам жерге дейін ұшып түсті.
Марқұмның жанында екі досы болған екен. Олардың сөзінше, үшеуі жолды бағдаршамның жасыл шамына өтпек болған. Бірақ қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті екі-үш қадамға алға озған досы байқамай қалыпты.
Қатты соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:43, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты өзгертілді
-
21:33, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда сауда-ойын сауық орталықтары қалай жұмыс істейді
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
Пікір