Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

14:21, 20 қараша 2019
336

Алматы полициясы мектеп оқушысына пышақпен тап берген адамды іздеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Орбита ықшам ауданында мектеп жанында болған.12 жасар қызға ер адам пышақ ала жүгірген. Ол қаскөйдің қолынан жұлқынып, сытылып шыққан.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 19 қараша күні бұл жайтты баланың анасы 102 байланыс желісіне хабарлап айтқанын жеткізді.

- Шұғыл басқарма орталығының кезекші қызметкерлері дереу қылмыс орнына жетіп, аумақты сүзіп шықты. Одан бөлек жедел-тергеу тобы да қылмыс орнына барды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу-жедел тобының құрамына аудандық деңгейдегі және қаланың криминалдық полициясының тәжірибелі қызметкерлері кірді, деп хабарлады полициядағылар.

Оқушы қыз ер адамның келбетін шамамен сипаттап бере алды.

- Бақылау камераларынан видеолар алынып, хаттама түрінде іс материалына тіркелді. Қазір ондағы мәліметтер мұқият зерттелуде. Тергеу іс-әрекетінің объективтілік, жан-жақты және толыққандылығын сақтау үшін іс мұқият егжей-тегжейлі зерттелуде, күдікті тұлға анықталып, қамауға алынады, - дейді қалалық ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!