Алматыда екпе алмаған 30 бала А гепатитін жұқтырған

15:50, 16 тамыз 2018
348

Алматыда екпе алмаған 30 бала сарыаурудың А түріне шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған баспасөз брифингі барысында белгілі болды.

«Алматыда екпеден бас тартатын ата-аналар өте көп. Екпе алмаған балалардың арасында ауыратындар жиі кездеседі. Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта вирусты гепатитті 30 бала жұқтырған. Олардың барлығы екпе алмағандар», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау Департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Жалпы алғанда 2-ге толмаған баласы бар ата-аналардың арасында екпеден бас тарту жиілеп келеді.

Маманның айтуынша, қалада 55 көкжөтел ауруы тіркелген. Ауырғандардың 82%-ы екпеден бас тартқандар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!