Алматыда әйелдерді тонайтын қаскөй ұсталды

17:26, 16 қаңтар 2020

Алматыда полиция түнде әйелдерге шабуылдайтын қарақшыны ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмыскер қаланың қақ ортасындағы көшелерде қарауылдап, түнде әйел адамдарды иектеген. Бірінші жағдай 2019 жылдың 20 желтоқсанында Желтоқсан көшесінде болған. Түнде ер адам жәбірленушіге жақындап келіп, оны пышақпен қорқытып, 236 мың теңгесін тартып алған. Ал 2020 жылдың 11 қаңтарында қасқой көлік тізгіндеген әйелді қармағына түсірген. Ер адам одан 70 мың теңге пайда көрген. Аталған фактілер бойынша, тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", делінген хабарламада.

15 қаңтарда әйелдерді тонаушы қаскөйді Алмалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады, ол 1981 жылы туылған азамат болып шықты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!