Алматыда дәмхана өртенді

16:30, 19 ақпан 2017
678

Алматыдағы «Узбечка» дәмханасы өртке оранды. Ведомствоның дерегі бойынша, ТЖ Әуезов ауданындағы Мамыр-2 мөлтекауданында орын алған. 

Өрт туралы хабарлама бүгін сағат 10:58-де келіп түскен. «Алғашқы өрт сөндіру машинасы 6 минуттан кейін, яғни сағат 11:04-те оқиға орнына жетті. Кәуапхана жанып кеткен. Өрт сөндірушілер оның таралуына жол бермеді. Өрт сағат 11:13-те ауыздықталып, 11:24-те толықтай жойылды», – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Жалын тілі 20 шаршы метрді шарпыған. Зардап шегушілер жоқ. 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!