Алматыда Бұқар жырау бульварында көлік қозғалысы ішінара шектеледі

15:57, 14 маусым 2021

© Сурет: kubnews.ru

Алматыда Бұқар жырау бульварындағы көлік қозғалысы бір тәулік бойына ішінара шектеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың 16 маусымында сағат 9: 00-ден 22: 00-ге дейін, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бұқар жырау бульвары бойымен Римский-Корсаков көшесінен Байтұрсынов көшесіне шығыс бағытта көліктердің қозғалысы ішінара шектеледі, делінген Алматы жылу желілері ЖШС хабарламасында.

Уақытша шектеу аталған көшенің жол астынан өтетін жылу желілеріндегі шұғыл жөндеу жұмыстарымен байланысты енгізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!