Алматыда Бостандық ауданының судьясы пара алды деп күдіктелуде

17:19, 13 қараша 2019
426

Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып Бостандық ауданының судьясымен пара алу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Судья азаматтық іс бойынша шешімді кейінге қалдырғаны үшін бұрын алған 3 мың АҚШ доллары көлемінде параны сенім берілген тұлға арқылы қайтару кезінде әшкереленген.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!