Алматыда бірқатар жеке үйлерге су беру уақытша тоқтатылады

19:56, 6 желтоқсан 2021
173

© Сурет: pixabay

7 желтоқсан күні сағат 9:00 мен 19:00 арасында су болмайды.

Алматы қаласының Қалқаман-2 ықшам ауданындағы бірқатар жеке үйлерге бір күнге суық су уақытша берілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 желтоқсан күні сағат 9:00 мен 19:00 арасында Қалқаман-2 ықшам ауданының аумағындағы Әшімов - Абай - Шаляпин - Мұсабаев көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйлерге суық су беру тоқтатылады. "Алматы су" МКК баспасөз қызметі

Судың уақытша тоқтатылуының себебі - Абай даңғылын ұзарта салу жұмыстарын жалғастыру кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!