Алматыда бір апта ішінде ковидке шалдығушылар саны 1,5 есеге артты
© Сурет: pixabay.com
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде ағымдағы эпидемиологиялық ахуал қаралды, коронавирус инфекциясы жаңа толқынының алдын алу және вирустың одан әрі таралуын ескерту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бір апта ішінде, өткен кезеңмен салыстырғанда, КВИ жағдайларын тіркеу 1,5 есеге өсті, 5901-ден 9077 жағдайға дейін ұлайды, күнделікті өсім 1,7%-ды құрады. 23 шілдеден бастап КВИ-дің тәуліктік тіркелуі 1 мың жағдайдан асты, ағымдағы айда 22 498 жағдайды құрады. Бұл жыл басынан бері 30 шілдедегі 78 283 тіркелген жағдайдың 29%-ын құрайды.
Алматыда кезекті COVID-19 төртінші толқынының шырқау шегі тамыздың ортасына күтілуде, қыркүйектің басында төмендеуі мүмкін. Соңғы 7 күн ішінде симптомды науқастардың үлес салмағы артуда әрі 90,7%-ды құрайды. Бұл COVID-19 қоздырғыштарының арасында "дельта" нұсқасының басымдығын көрсетеді.
Қаланың СЭБД-нің басшысына еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Мегаполисте коронавирус инфекциясының таралу қарқынын болдырмау үшін карантиндік шараларды күшейту қажет.
Алматы әкімі коммуналдық кәсіпорындар мен бизнес-қауымдастықтар ұжымдарын вакциналауды күшейтуді тапсырды. «Aтамекен» ҰКП бірлесіп бизнес-қоғамдастық өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, мұнда қызмет көрсететін компаниялар мен қоғамдық тамақтандыру орындарына жіті назар аударған жөн.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 23 сәуір 2024
Көкшетауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды
-
22:28, 23 сәуір 2024
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды