Алматыда бір ай жансақтау бөлімінде жатқан коронавирус аяғы ауыр келіншек аман-есен босанды

10:36, 5 тамыз 2020
162

Алматыда өкпесінің 90 пайызы зақымданған келіншек аман-есен босанды! Коронавирус диагнозы қойылған әйел перзентханаға аса ауыр жағдайда түскен. Десе де, анасының қауіпті індетке шалдыққанына қарамастан, нәрестесі аман-сау боп туды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұған дейін індетке шалдыққан әйелдердің сау нәресте босанған жағдайлар болған. Алайда өкпесі 90 пайызға зақымданған ананың дүниеге бала әкелуі Алматыда алғаш кездесіп отыр. 22 жастағы келіншек перзентханаға аса ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер оның 28 күн жансақтау бөлімінде жатқанын айтады. Коронавирус инфекциясы келіншектің өкпесін жайлағаны соншалық, әйел өздігімен тыныстай алмай, аппаратқа қосулы болған. Айы-күні толған ананы аман-есен босандырып алуға әдеттегідей емес, одан көп дәрігер ат салысыпты. Әсіресе коронавирус диагнозы балаға үлкен қауіп төндірген. Дегенмен вирус сәбиге еш әсер етпепті. Анасы ауруына қарамастан, дүниеге дені сау бала әкелді. Ақ халаттылар нәресте туылған соң келіншектің де беті бері қарай бастағанын айтады. Бүгін ол тұңғыш рет нәрестесін иіскеп, құшағына алды.

Гүлнұр Байболова, №2 Алматы қалалық перзентханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Келіншек ауырып, 10-шілдеде келіп түсті. Өзінің індетке шалдыққанын білмей, тұмау деп үйінде емделген. Сондықтан жас аналарға егер де қандай да бір белгі байқаған болсаңыз, міндетті түрде стационарға жүгініңіз дейміз. Қазір ауруды ерте анықтауға, емдеуге барлық жағдай жасалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!