Алматыда бензині таусылған Mitsubishi-ді артынан Mercedes соқты  

09:27, 5 наурыз 2021
579

© Сурет: zakon.kz

Алматының түндері тыныш өтпейді: Сайын мен Асқаров көшесінде жол апаты тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Mitsubishi Galant пен Mercedes S-класс соғысқан.

Сайын көшесімен көтеріліп келе жатқанда Mitsubishi-дің бензині таусылып, моторы өшкен соң, жүргізуші жолдың ортасында тоқтаған.

Түн жамылып жолған шыққан Mercedes жүргізушісі алдында тоқтап тұрған көлікті байқамай, артынан оңдырмай соқты.

Mitsubishi Galant-тың артқы орындығында екі жасар баласымен отырған әйел мен Mercedes жүргізушісі жарақат алып, аурухана жеткізілді. Баланың жағдайы ауыр деп бағалануда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!