Алматыда баласын шыбын ұрғышпен ұрған ер адам жазаға тартылуда

14:54, 15 қазан 2019
269

Баласын шыбын ұрғышпен ұрған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл фактіні Алатау аудандық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген кезде анықтаған. Желідегі бір парақшада ер адам баланы шыбын ұрғышпен ұрған, содан кейін арматураны қолға алып, балаға ұмтылған видео жарияланған. Бірақ ер адам баласын темірмен ұрмаған.

- Жергілікті полиция қызметкерлері бұл фактіге қатысты дереу тексеруді бастады. Оқиға "Рахат" шағын ауданында болғаны белгілі болды. Видеодағы ер адам бірден табылды. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, ол видеодағы жайтты жоққа шығармады, өз әрекетін "2008 жылы туған өз ұлын осылай тәрбиелемек болдым" деп түсіндірген. Отбасы бүтін, ажыраспаған. Оқу орнында балаға жақсы мінездеме берілді.

Әкімшілік инспектор баланы ұрып-соғу фактісі бойынша материалды жинастырып, ол бүгін заңға сәйкес Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қарауына беріледі, - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы-полиция полковнигі Берік Әбілбеков.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!