Алматыда бақылау бекеттерінде тұрған полиция қызметкерлеріне сыйақы бұйыра ма?

16:38, 7 сәуір 2020

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов төтенше жағдай кезінде бақылау-өткізу пункттерінде жұмыс істейтін полиция қызметкерлеріне сыйақы қарастырылған ба, жоқ па, осы мағынадағы сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Біздің бақылау-өткізу пункттеріндегі қызметкерлер тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істейді. Олардың сыйақысы бойынша министр бұйрыққа қол қойды. Өткізу пункттерінде тұрған қызметкерлер марапатталатын болады. Полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі қарастырылуда, - деді ол.

Ол барлық полиция қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен және күніне үш рет тамақпен қамсыздандырылғанын атап өтті.

Таймерденов 15 наурыздан бастап Алматы облысында тұратын 1050 қызметкер казарма режиміне ауыстырылғанын қосты. Әкімдік оларға жатақхана бөліп берген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!