Алматыда автобустың ашық есігінен бір бойжеткен құлап кетті

11:24, 24 шілде 2019
438

Алматыда 2019 жылдың 23 шілдесінде сағат 13:30 уақытында жолаушылар таситын №422 автобустан бір бойжеткен жол бойына құлап, мертікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болған оқиғаның суреттерін Сергей Пак есімді азамат Facebook желісіне жариялаған.

Күн ыстық болғандықтан әрі жолаушылардың өтінішімен шопыр есікті ашып қойған. Желідегі жазба авторының айтуынша, қыз құлағына құлаққап тағып, телефонынан кино көріп отырған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем көлігі қызды ауруханаға алып кеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!