Алматыда автобус қаққан бес адамның бірі қайтыс болды

17:57, 1 наурыз 2021
383

© Сурет: zakon.kz

Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апатында зардап шекен бес адамның бірі қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаяу жүргіншілер жолағында көлік астына түскен 1963 жылғы әйел өмірге сәйкес келмейтін көптеген жарақаттарынан түнде қайтыс болды, деп хабарлады ҚазАқпарат қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне іслтеме жасап.

Автобустың қатысуымен болған жол апаты 27 ақпанда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында орын алды.

Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі көлікпен соқтығысып, жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан адамдарды да қаққан. Апат салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың барлығы орташа ауырлық дәрежесінде.

"Алматыэлектротранс" АҚ баспасөз қызметі , алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі өзін нашар сезініп, рөлге ие бола алмай қалғанын хабарлады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!