Алматыда аудандық пробация қызметкері ұсталды

15:48, 20 ақпан 2020

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы Қылмыстық-атқару қызметі департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесе отырып, Түрксіб аудандық пробация қызметінің инспекторын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол лауазымды тұлға бола тұра, шартты түрде сотталған адамға Алматы қаласынан тыс жерлерге шығуға рұқсат беру сылтауымен, 100 000 теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденуге оқталғанына күдікті.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!