Алматыда аттестат табыстау рәсімі қалай өткізіледі

17:21, 18 мамыр 2020
427

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда аттестаттарды табыстау рәсімі қалай өтізілетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бекшин бүгін Алматыда мектеп директорларымен жиналыс өткізілгені туралы айтты.

"Мектеп бітіру туралы куәліктер әр сынып бойынша беріледі. Біз қауіпсіздік шараларын алдын ала анықтап алдық, сыныптар қалай орналасады, ата-аналар қалай орналасады, куәлікті алушылар арасында сақталатын арақашықтық қандай болады - бәрін белгілеп, талқыладық. Біз карантин кезінде балаларымыздың бір-бірімен тым жақындап кетпесі үшін барлық қауіпсіздік шарасын егжей-тегжейлі сараладық" - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!