Алматыда «AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлауға қатысты іс тергеліп жатыр

14:14, 4 шілде 2022

© Сурет: Zakon.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік таратқан мәлімет бойынша, сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша жүріп жатыр.

Қазір департамент ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 24-бабының талаптарын орындауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!